ТҮРКІСТАН: Кентау экологиялық туризмнің жаңа жауһарына айналады

0
124

Жалпы ауданы 230 га жер телімі анықталып, оның 50 га жер телімінде туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Кентау экологиялық туризмнің жаңа жауһарына айналады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Кентау қаласы Қаратау қорығының жанындағы Хантағы туристік нысаны аумағында экологиялық және белсенді туризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа жобалар дайындалып, әлеуетті инвесторларға ұсынылуда.

Жалпы ауданы 230 га жер телімі анықталып, оның 50 га жер телімінде туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Бұл Кентау қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін, туристер мен келуші қонақтардың санын арттыруға және жаңа туристік бағыттарының дамуына тың серпіліс бермек.



Жалпы, Қаратау қорығының аумағы 34 мың гектар. Онда Қазақстан қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жан - жануарлар мекен етеді.

Кентау қаласы әкімдігі биыл Хантағы туристік аумағына апарар 8 км жолды реттеп, вело-жолақ салып, жарықтандырмақ.



Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет