ТҮРКІСТАН: Кентау қаласында 2000 мың дана қызғалдақ отырғызылды

0
559

Биыл 33 мыңнан аса көшет отырғызу көзделуде.


ТҮРКІСТАН: Кентау қаласында 2000 мың дана қызғалдақ отырғызылды

Кентау қаласына алғаш рет екі мың дана қызғалдақ отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаланы көгалдандыру және абаттандыру жөнінде тапсырма берді. Осы орайда алғаш рет қаланың Қ.А.Ясауи кіші аллеясына және С.Сейфуллин көшесіне 2 мың дана қызғалдақ отырғызылды.


Алдағы уақытта қалалық «Жасыл қала» КММ-сі қызғалдақтың санын көбейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қоса, 2500 түп қарағаш көшеті және 40 мың дана біржылдық шафран, хризантема гүлдері егілді.


Айта кетсек, былтыр Кентау қаласында жалпы 11 мыңнан аса көшет отырғызылған. Биыл 33 мыңнан аса көшет отырғызу көзделуде. Оның ішінде көктем айларында 18140 түп, күз айларында 15300 түп тал отырғызу жоспарлануда.