ТҮРКІСТАН: Кентау халқы жас ақындарды төрге шығарды

0
216

Шара шымылдығы кентаулық жас өнерпаздардың кеш кейіпкерлері өлеңдерінен үзінді оқуымен ашылды.


ТҮРКІСТАН: Кентау халқы жас ақындарды төрге шығарды

Кентау қаласында жас ақындар төрге шығып, оқырманмен қауышты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өңірде өткен жылы «Түркістан таланттары» жобасы бастау алған болатын. Жоба аясында Кентау қаласында жас ақындар төрге шығып, оқырманмен қауышты. Түрлі додаларда топ жарып жүрген Мұқағали Кенжетайұлы, Әлімжан Әлішер және Еламан Төлеутай кешке кейіпкер болса, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым модератор болды. Сондай ақ тағылымды кешке Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, композитор Бекжігіт Сердәлі және Кентау қаласының зиялы қауым өкілдері қатысты.


Кентау қалалық мәдениет үйінде өткен іс-шарада келушілер кітапхана ұжымы арнайы дайындаған кітап көрмесін тамашалады. Шара шымылдығы кентаулық жас өнерпаздардың кеш кейіпкерлері өлеңдерінен үзінді оқуымен ашылды.


Әдеби кеште Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова құттықтау сөз алып, кешті ашып берді. Сондай-ақ қала басшысының ізгі лебізін жеткізді. Ал Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Байдаулетова өз сөзінде жоба мақсатына тоқталды.


Кейіпкерлер өз шығармаларын оқып, жиналған қауымға ерекше естеліктер айтты. Көрермен тарапынан сұрақтар қойылып, көпшілік ақ тілегін жеткізді. Кеш кейіпкерлеріне қала әкімінің атынан сый-құрмет көрсетілді.


Айта кетейік, бұл жобаны Түркістан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы мен облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесе ұйымдастырған.