ТҮРКІСТАН: Кентау шаруақожалықтары жылына бірнеше рет өнім алуды көздеп отыр

0
905

Шаруалар соңғы технологияны қолдану арқылы мол өнімге қол жеткізбек.


ТҮРКІСТАН: Кентау шаруақожалықтары жылына бірнеше рет өнім алуды көздеп отыр

Түркістан облысы, Кентау қаласында " Жылына 3 рет өнім алу технологиясын ендіру" тақырыбында шаруақожалықтардың басын қосқан семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Семинарды қала әкімі Даурен Махажанов жүргізіп, жиынды ашып берді. Соңғы технологияны қолдану жайында техника ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің "Ауыл шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру ғылыми орталығының" басшысы Бердияр Қалымбетов баяндама жасады.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе Түркістан қаласының маңында "Жасыл белбеу" жобасын жүзеге асыру жағыда сөз болды. Аталмыш жиында егін шаруашылығының тиімді жақтары жан-жақты ғылыми тұрғыда түсіндірілді. Қатысушы шаруақожалық иелері өздеріне қажет сауалдарын жолдап, ой-тәжірибелерімен алмасты.

Бас қосуда сөз алған қала әкімі Даурен Сәбитұлы шаруаларға қаланы жасылдандыруға шақырып, әр айда өткізіліп жатқан жер конкурсына қатысып, егін шаруашылығын дамытуға шақырды. Сонымен қатар, облыстан келген мамандар жер алып, егін егуге берілетін несиелерді түсіндіріп өтті. Жиында шарулараға қажетті пікірлер айтылып, қажет мағлұматтармен қанықты.