ТҮРКІСТАН: «Кентау трансформатор зауыты» энергия үнемдейтін техникаларды шығарады

0
962

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады.


ТҮРКІСТАН: «Кентау трансформатор зауыты» энергия үнемдейтін техникаларды шығарады

Түркістан облысының әкімі «Кентау Трансформатор зауытында» болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Кентау қаласына жұмыс сапарында «Кентау Трансформатор зауытында» болды. Зауыт басшылығы бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын жапондық Yaskawa Motoman дәнекерлеуші-робот жұмысымен таныстырды. Робот дәнекерлеу сапасын арттыруға және кәсіпорынның өнімділігін жоғарылатуға арналған.


Кентау трансформатор зауыты – электр энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешенін және тұрғын үй-коммуналдық секторын қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін, кең қолданысқа арналған трансформаторлық жабдықтарының жетекші қазақстандық өндірушісі. Зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Кәсіпорын сапалы трансформаторларды ғана емес, энергия үнемдейтін трансформаторларды шығарады.