ТҮРКІСТАН: Кентауда 250 орынға лайықталған мектеп пайдалануға берілді

0
979

10-11 сынып аралығындағы 220 оқушынының құжаттары қабылданып үлгерген.


ТҮРКІСТАН: Кентауда 250 орынға лайықталған мектеп пайдалануға берілді

Кентау қаласында «Grant high school» мектебінің лентасы қиылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Кентау қаласында заманауи үлгідегі жекеменшік «Grant high school» мектебінің лентасы қиылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Жандос Тасов, бірқатар зиялы қауым өкілдері мен мектеп педагогтары және ата-аналар қатысты.


Бүгінде жалпы саны 250 балаға арналған білім ошағында құжат қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін, 10-11 сынып аралығындағы 220 оқушынының құжаттары қабылданып үлгерген.


Жиын барысында қала басшысы мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен және Ата заңымыздың қабылданған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


Мемлекеттік стандартқа толықтай сай келетін мектепте әр оқушының таңдаған бағытына қарай пәндері тереңдетіліп оқытылады. Сондай-ақ балаға түске дейін белгіленген кесте бойынша сабақ оқытылса, түстен кейін мамандыққа бейімделген білім беру жүйесі бойынша сабақ жүргізіледі.


Жекеменшік мектепте балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Айта кетейік, жаңа мектепте оқу бөлмелері, компьютер сыныбы, мәжіліс залы, асхана, кітапханамен қамтылған.