ТҮРКІСТАН: Кентауда алғыс айту күніне орай ағаш отырғызылды

0
467

Бүгінгі күннен бастау алған бұл игі іс жалғасатын болады.


ТҮРКІСТАН: Кентауда алғыс айту күніне орай ағаш отырғызылды

Кентауда алғыс айту күніне орай ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алғыс айту күніне орай, Кентау қалалық «Жасыл қала» КММ-нің қызметкерлері 200-ден аса шырша көшетін отырғызды. Қаланы көгалдандыру және жасыл желекке бөлеу мақсатында отырғызылған ағаштар қаладағы Қ.Яссауи, С.Сейфуллин даңғылдарына егілді.


Барлық тіршілік атауына нәр беретін көктем мезгілінде көгалдандыру жұмыстары қарқан алмақ. Бүгінгі күннен бастау алған бұл игі іс жалғасатын болады.


Айта кетейік, көктем айында 18 140 түп ағаш көшетін қаладағы С.Сейфуллин, Әл-Фараби, Ш.Уалиханов, Т.Рысқұлов көшелері мен А.Құнанбаев, Д.Қонаев, Қ.Яссауи даңғылдарына отырғызу жоспарланып отыр.