ТҮРКІСТАН: Кентауда «Білім орталығы» ашылды

0
1 820

Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ашылған орталық жаңа технологиялар, стол ойындары, ақысыз интернет, электронды кітаптармен қамтылған. Бұл кітаптардың, түрлі әдебиеттердің қадірін арттырып, тұрғындардың өз уақытын тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндік.


ТҮРКІСТАН:  Кентауда  «Білім орталығы» ашылды

Кентау қаласында «Білім орталығы» ашылды – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ашылған орталық жаңа технологиялар, стол ойындары, ақысыз интернет, электронды кітаптармен қамтылған. Бұл кітаптардың, түрлі әдебиеттердің қадірін арттырып, тұрғындардың өз уақытын тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндік.

Салтанатты жиында Кентау қаласының құрметті азаматтары Рахым Балабиев, Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Исахан Жұмабаев, Ұлағатты зейнеткер-ұста Өмірбек Жүсіпов, Кентау қалалық мәслихатының депутаты Талғат Садуов, Қазақстанға Еңбегі Сіңген Спорт Шебері Қанатбек Шағатаев, Кентау қаласының жанашыры, ақын Мұхит Махажанов және Білім саласына еңбегі сіңген зейнеткер-ұстаз Бибі Дәрібаевалар сөз алып, жастарға өз ақыл-кеңестерін айтты.