ТҮРКІСТАН: Кентауда ішкі орам жолдарын жөндеу жұмыстары басталды

0
1 233

Жүргізіліп жатқан жол құрылыс жұмыстары қала дамуының жоспарына сәйкес орындалуда.


ТҮРКІСТАН:  Кентауда ішкі орам жолдарын жөндеу жұмыстары басталды

Кентау қаласының көп қабатты тұрғын үйлерінің аулаларының ішкі жолдарын жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімінің 3 жылға жасалынған даму жоспарына сәйкес, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерден тұратын 45 аула жолдарын жөндеу, жарықтандыру, спорт және балалар ойын алаңшаларын орнату, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлі алаңдарды қайта жабдықтау, автомобиль паркингтерін орналастыру жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған жоспарға жалпы бөлінген қаржы көлемі 73 млн 325 мың теңгені құрап отыр.

Бүгінде әрбір атқарылатын жұмыстарды қала әкімі Даурен Махажанов қатаң бақылауға алған.

2019 жылғы жол саласы бойынша, Кентау қаласына қарасты 8 аула, 28 көп қабатты үйлер алдына жол автотұрақтарымен бірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде және де А.Яссауи, Логиново, Құралбаев, Рысқұлов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді. Қазіргі таңда «Еркін Сенім» ЖШС-гі мекемесі мердігер болып анықталды. Ағымдағы жылдың Қыркүйек айының соңында біту жоспарлануда.