ТҮРКІСТАН: Кентауда қалқанша безіне ота жасалды

0
684

Ота МӘМС есебінен жасалды.


ТҮРКІСТАН: Кентауда қалқанша безіне ота жасалды

Кентау қалалық орталық ауруханасында қалқанша безіне ота жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қалалық орталық ауруханасына 1951 жылғы науқас түсті. Тиісті тексерулерден соң, дәрігер науқасқа ота жасауды жоспарлады. Кентау қалалық орталық ауруханасында қалқанша безіне көрсеткіштеріне қарай алғашқы ота МӘМС есебінен жасалды.


Отаны хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санатты хирург Ж.Оразбаков, және ХҚТУ-нің жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Н.Тулежанов жасады.


Жалпы тиреоэктомия (тиреоидэктомия) - бұл негізінен қалқанша безінің ісіктері бар науқастарды квалификациялайтын күрделі процедура. Бұл процедураның көрсеткіштері де түйінді құрылыммен сипатталатын зоб, Хашимото ауруы кезінде кейбір зоб және қайталанатын зоб болып жіктеледі.


Қалалық орталық ауруханасындағы ота сәтті өтті. Алдағы уақытта аурухана бұл отамен тұрақты айналысатын болады.