ТҮРКІСТАН: Кентауда мектеп шатыры ұшып, мұғалімнің басына түсті

0
703

Оның жағдайын дәрігерлер айтты.


ТҮРКІСТАН: Кентауда мектеп шатыры ұшып, мұғалімнің басына түсті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кентауда желдің әсерінен шатыр ұшып, бір бөлігі мұғалімнің басын жарақаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында желдің әсерінен ұшқан мектеп шатырының бір бөлігі мұғалімнің басына түскен. Ресми ақпаратқа сүйенсек, ол қазір ауруханада жатыр. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады.


"Қатты желден Кентау қаласындағы мектеп, колледж және тұрғын үйлердің шатыры ұшып, халықты әбігерге салуда. Кеше қала орталығында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектептің де шатыры ұшып, аулада кетіп бара жатқан мұғалімнің басына түскен болатын. Бірден ауруханаға жеткізілген педагогке алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді", - деді баспасөз хатшысы.


Ал, Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Утебаев мұғалімнің жағдайы орташа екенән айтты.


"Қазір науқастың жағдайы орташа. Басындағы самай бөлігіндегі жарақат тігілді. Травматология бөлімінде ем алып жатыр», - деді ол.


Айта кетсек, бұл оқиға 4 мамыр күні сағат 12:30 шамасында орын алып, мектеп шатырының Б және С блогының шатыры ұшқан. Жалпы ұшқан шатырдың ауданы 350 шаршы метр. Мектеп шатыры мен металл жабынды ағаш тақтайлары толығымен жарамсыз болған.


Әкімдіктің хабарлауынша, қаладағы мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға жіберілген. Шатыр ұшқан кезде қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Досмағанбетова үйіне қайтып бара жатқан екен.