ТҮРКІСТАН: Кентауда тағы бір елді мекенге табиғи газ берілді

0
198

Тұрғындарға табиғи газды жеткізу үшін 14,865 шақырым газ құбыры жүргізілген.


ТҮРКІСТАН: Кентауда тағы бір елді мекенге табиғи газ берілді

Кентау қаласына қарасты Шоқтас елді мекені газға қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласына қарасты Шоқтас елді мекені газға қосылды. Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов тұрғындарды құттықтап, ауылда инфрақұрылымын жақсарту жұмысы жоспарға сай жүзеге асатынын атап өтті.


Сондай-ақ жауапты мекеме тарапынан тұрғындарға газды жеке үйлерге қосу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы елді мекенде 38 отбасы бар. Тұрғындарға табиғи газды жеткізу үшін 14,865 шақырым газ құбыры жүргізілген.


Енді әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, қажетті құжаттарын жинақтап, абоненттер санына қосыла алады.


Үйіне алғашқылардың бірі болып газ кірген ауыл тұрғыны Бақтылы Абдуллаев. Зейнеткер «көгілдір отын» шарапатын көруге ықпал еткен барша жанға алғысын білдірді.