ТҮРКІСТАН: Кентауда жерді заңдастыру мен алу мәселелері талқыланды

0
1 415

Сала мамандары мен шаруалар мемлекеттік қызметкерлермен бірге тақырып аясындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында ашық пікір алмасты.


ТҮРКІСТАН: Кентауда жерді заңдастыру мен алу мәселелері талқыланды

Кентауда шаруалар мен кәсіпкерлерді алаңдатқан егістікке арналған жер мәселесі талқыланды – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шорнақ ауылының тұрғыны Бостан Айткулов егін егіп, шаруашылықпен айналысатын жер ала алмай жүрген болатын. Тіпті қайда құжат өткізіп, кімнен кеңес алу қажеттігін білмеген ақсақал, жергілікті әкімдікке қайта-қайта барып, аяқтан тозыпты. Кентау қаласында өткен жиында, егістік жер алудың жолдарын түсініп, қай мекемеге барып, қандай құжат өткізу керектігін білді.
«Комерциялық нысандағы жер учаскілерін алу, сатып алу, мерзімін ұзарту және қайта құру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Кентау қаласының әкімдігі, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті, сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімінің мамандары қатысты.
Сала мамандары мен шаруалар мемлекеттік қызметкерлермен бірге тақырып аясындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында ашық пікір алмасты.
"TURKISTAN" кәсіпкерлерге қызметке көрсету орталығы КММ-нің директоры А.Жүсіпбаев мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен қызметтер жайында айтып өтті.
Жиында жерді заңдастыру, мерзімін ұзарту, жерді алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер мен шаруалар өздерін толғандырып жүрген сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиыннан, тек Бостан ақсақал ғана емес, Кентау қаласының аумағында орналасқан ауылдардағы шаруалардың көпшілігі бұл жиыннан керекті мәліметтерін алып тарқасты.