ТҮРКІСТАН: Кентауда жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр

0
767

Қазіргі таңда ЖЭО-5 орталығында қазандықтар жұмыс істеп тұр.


ТҮРКІСТАН: Кентауда жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр

Кентау қаласында инфрақұрылым жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Кентау қаласында қолайсыз ауа-райы салдарынан орын алған жағдайларды қалпына келтіру бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Кентау қаласына арнайы барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды штабтың шұғыл отырысын өткізіп, барлық құрылым басшыларына орын алған жағдайлардың салдарын жоюға байланысты тікелей тапсырмалар берді. Қазіргі таңда ЖЭО-5 орталығында қазандықтар жұмыс істеп тұр.


Қала бойынша 6 көпқабатты тұрғын үй мен 40-қа жуық жеке сектордағы үйлердің жылу жүйелерінде ақау орын алған. Қалыпқа келтіру бойынша 11 бригада мен арнайы техникалар жұмылдырылып, жұмыстар атқарылуда. Қаладағы ауыз су мәселесі 100 пайыз шешімін тауып, ретке келтірілді. Дауылды желдің салдарынан қаладағы 6 көпқабатты тұрғын үй мен 37-ге жуық жеке сектордағы тұрғын үйлердің жарығын қосу бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар залал келтірілген нысандарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылуда.


Айта кетейік, барлық секторлар бойынша жұмыстарды жүргізуге 200-ден аса қызметкер мен 15 техника жұмылдырылды.