ТҮРКІСТАН: Кентауда жылу құбырларының құрылысы басталды

0
387

Жылу желісіндегі шығындары мен жылу энергиясын өндіруге кететін шығындар азаяды.


ТҮРКІСТАН: Кентауда жылу құбырларының құрылысы басталды

Кентау қаласының жылумен қамту жайы жақсарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қысқы маусымда Кентау қаласының жылумен қамту жайы жақсарады. Жылу желісіндегі шығындары мен жылу энергиясын өндіруге кететін шығындар азаяды деп күтілуде. Себебі Кентау қаласы Жылу электр орталығының жылу құбырларының құрылысы басталды.


Жылу орталығының 1960-жылдары орнатылған 38,2 шақырым құрайтын магистральдық құбыры бар. Оның 16,5 шақырымы 2014-2015 жылдары ауыстырылған.


Осы жылы «Кентау қаласының №5 ЖЭО-ның» 6,6 шқ магистралдық жылу жүйесі және 4 кері сорғы станцияларын қайта құру жұмыс жобасына сәйкес, жылу магистральдық желісінің апатты учаскелерін қайта құру жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда, қаржы қаралып, мердігер мекеме анықталып, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланған.


Жұмыс жүргізуші мердігер мекеме «Ермад» ЖШС. Сонымен қатар «Кентау қаласы №5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру» жұмыстарына қаржы қаралуда. Басталу мерзімі маусым айына жоспарланған.