ТҮРКІСТАН: Кентаулық диқан алғашқы өнімнен 50 тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр

0
275

Қожалықта 10-ға жуық жұмысшы қызмет етеді.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық диқан алғашқы өнімнен 50 тонна көкөніс жинауды жоспарлап отыр

Кентаулық диқан жылына 2-3 өнім алуға бет бұрған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласына қарасты 2000 жылдық тарихы бар Қарнақ ауылы ауыл шаруашылығына бейім мекен. Бүгінде ауылда жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Соның бірі – «Абдашим» шаруа қожалығы. Үйіргелік диқандықтан бастаған кәсіп иесі қазіргі таңда бір гектар жерге қызанақ пен қияр егіп, жылына екі рет өнім алады.


Қожалықта 10-ға жуық жұмысшы қызмет етеді. Шаруа қожалығы иесінің айтуынша, өнімді жинайтын уақытта жалдамалы жұмысшылар саны артады екен. Кореялық әдіспен жасалған жылыжайдың басым бөлігіне қызанақ егіледі. Бүгінгі таңда жылыжайда өсірілетін көгөністерге сұраныс артқан. Диқандар алғашқы өнімді алдағы мамыр айында жинап алмақ.


Бір өнімнің өзінен 40-50 тонна аралығында көгөніс жиналады. Қызанақ пен қияр Кентау, Түркістан қалаларына жіберіледі. Бұдан өзге шаруа иесі қосымша 3 гектар жерге жылыжай салуды қолға алып отыр.