ТҮРКІСТАН: Кентаулық шаруа ​биыл мол өнім алуды жоспарлап отыр

0
1 375

Кентаулық шаруа 3 га жерге мақтаның «Түркістан» сортын еккен.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық шаруа ​биыл мол өнім алуды жоспарлап отыр

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ескі Иқан ауылының диқаншылары мақта шаруашылығына ден қойып, бүгінде мол өнім алуға үмітті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентаулық ағайынды Төрехан мен Уәлихан Нышанбаевтар 20 жылдан бері шаруа қожалықпен, оның ішінде мақта өсірумен, диқаншылықпен айналысып, бау-бақша егіп келеді. Кәзіргі таңда 8 га жерінің 7,5 га-на мақта ексе, 0,5 га-на қызанақ егіп отыр. Теру науқанында жергілікті тұрғындарды жұмыстарға тартып, оларды қажетті техникалармен қамтитын болады. Жиналған өнімдерін жергілікті компанияларға өткізуді жоспарлауда.

"Алдыңғы жылы су тапшылығы орын алғанымен, биыл суғару жұмыстары ойдағыдай. Ауа-райы да қолайлы болды. Биыл еккен «Түркістан» атты сортты, жергілдікті Қарашық ауылының тұрғыны Хабибулла деген азамат ойлап тапқан. Қосымша 3 га жерге 4727 сорты егілгенімен, «Түркістан» сорттың пайдасы мол, әрі өнімді жақсы береді", - дейді шаруақожалық иесі.

Жалпы мақта теру науқаны қыркүйек, қазан айларында басталады. Шаруақожалығымен бұрыннан айналысып келген ағайындылар алдағы уақыта бау-бақшаны ұлғайтуды жоспарлауда.