ТҮРКІСТАН: Кентаулық шаруалар жемістерін жинай бастады

0
1 351

Кентаулық шаруа қожалығы 20 гектар жердің 14 сотттығына жүзім егіп, қалған жерлеріне алма, өрік, шабдалы жемістерін өсіріп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық шаруалар жемістерін жинай бастады

Түркістан облысы Кентау қаласы Қарашық ауылында 2007 жылдан бері шаруашылықпен айналысып жатқан «Бағы-Жахан» шаруа қожалығы бүгінде қарқынды бау-бақшаны дамытуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қаласы Қарашық ауылындағы «Бағы-Жахан» шаруа қожалығы 20 гектар жердің 14 сотттығына жүзім егіп, қалған жерлеріне алма, өрік, шабдалы жемістерін өсіріп жатыр. Шаруақожалықтың төрағасы Шүкірллә Ботаевтың айтуынша, 1 гектар жерден 20-25 тонна жүзім жиналады екен. Ал, сорты «Қара сұлу» деп аталатын жемістің көшеттері Сарыағаш өңірінен әкелінген.


«Жүзімге уақытында тыңайтқыштар егіледі. Күз мезгілінде жемістердің барлығы жиналып біткен соң тыңайтқыштар сеуіп тастаймыз. Сосын көктемде қайта көгере бастағанда 20 күн сайын дәрілеп тұрамыз», – дейді шаруа қожалық төрағасы өз сөзінде.

Алғашқыда мақта егіп, кейін бау-бақша егумен айналысуды қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта шаруашылықтың көлемін арттырып, жемістің түрін көбейтуді көздеп отыр. Ал, биылғы жиналған өнімдер Түркістан облысының аудан-қалаларына, Алматы, Атырау облыстарына жіберілмек. Сондай-ақ, жиналған жүзімдер өз елімізден артылмайтындықтан,шаруа қожалық алдағы уақытта өнімді көбейтіп, шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.