ТҮРКІСТАН: Кентаулық түлектер ауруханаға 9 оттегі концентрантын тарту етті

0
642

Қайырымдылық 1969 жылғы түлектердің ұйымдастыруымен іске асты.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық түлектер ауруханаға 9 оттегі концентрантын  тарту етті

Әлемді жайлаған жаман індетпен күресте жомарт жандар қолдан келген көмегін аямауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласының №1 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 1969 жылғы түлектерінің ұйымдастыруымен, Кентау қалалық орталық ауруханаға 9 оттегі концентрантын сыйға тарту етті. Жеткізілген оттегі конценртантын аурухана дәрігерлері қабылдап алды.

Дәл осындай 2 құрылғыны Кентау қаласының №3 «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернатының оқушылар мен ата-аналарының ұйымдастыруымен сатып алынды.

Қайырымдылық көрсеткен түлектерге жерлестері мен дәрігерлер алғыстарын жеткізді.