ТҮРКІСТАН: Кентаулық тұрғын күніне 1500 дана сабын өндіреді

0
472

5 млн теңге несие алып, оған сабын шығаруға қажетті құралдарын сатып алған.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық тұрғын күніне 1500 дана сабын өндіреді

Кентаулық тұрғын сабын өндіруді қолға алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласының тұрғыны Әлия Адаманова – «Агронесие» бағдарламасы аясында 5 млн теңге несие алып, оған сабын шығаруға қажетті құралдарын сатып алған. Ерлі-зайыптылар алдарына мақсат қойып, ізденістің нәтижесінде кәсіптің көзін тапты. Алдымен арнайы курс оқыған.


Қазіргі таңда «Kentau» брендімен танылған сабынды қаладан бөлек, ауыл тұрғындары да қолдануда. Шағын цехта күніне 1500-дей дана сабын шығарады. Қос кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыруды көздеп отыр. Себебі отандық өнімге сұраныс жоғары.


Жас кәсіпкерлер болашақта иіс сабын мен сусабынның да бірнеше түрін шығармақшы. Одан бөлек, көлікке арналған арнайы май түрлерін шығаруды жоспарлап отыр.