ТҮРКІСТАН: «Керуен сарайда» тастар домалап жатыр (видео)

0
349

Баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді.


ТҮРКІСТАН: «Керуен сарайда» тастар домалап жатыр (видео)

Түркістандағы «Керуен сарай» кешенінде қатты соққан желдің әсерінен оқыс оқиға орын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әлеуметтік желіде Түркістан қаласы, «Керуен сарай» кешеніндегі тас пішіндес заттардың мұз бетімен домалап бара жатқан видеосы таралды.


Бұл жағдай 2023 жылдың 28 желтоқсанында қатты соққан желдің әсерінен орын алған екен.

Туристік кешеннің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сүйенсек, Түркістанда болған қатты жел салдарынан өзге де декорациялық жабдықтар зақымдалған.