ТҮРКІСТАН: Кез келген тұрғын археологиялық қазба жұмыстарына қатыса алады

0
552

Археолог болып, қазба жұмыстарын жүргізе алады.


ТҮРКІСТАН: Кез келген тұрғын археологиялық қазба жұмыстарына қатыса алады

«Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бірнеше күн бұрын Түркістан қаласында «Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы іске асырылып жатқаны және археологиялық зерттеу жұмыстарына қала тұрғындарының қатысуына болатыны жайлы хабарланған. Аталған бастама бойынша қала әкімі Рашид Абатұлы сәуір-маусым айлары ішінде қазба жұмысына қатысуға ниетті азаматтар бойынша келіссөз жүргізді.

Енді, Түркістан қаласындағы Күлтөбе қалажұртында кез келген азамат тәжірибелі мамандардың басшылығымен археолог болып, қазба жұмыстарын жүргізе алады. Атап айтқанда, дүйсенбі-сенбі күндері 9:00-18:00 аралығында (13:00-14:00 түскі үзіліс) өзіңізге қолайлы уақытта алдын ала хабарласу арқылы қатыса аласыз.

Қосымша сауалдарыңыз болса, төменде көрсетілген нөмірлер мен сайт-парақшалар арқылы байланысуға болады:

Анықтама үшін: +7 777 242 35 54

E-mail: aisulu6767@mail.ru

Жоба жайлы ақпарат:kultobe.com; https://twitter.com/kultobe;

https://www.facebook.com/kultobe/