ТҮРКІСТАН: Халық арасында кең тараған ойын түрлерінен біріншілік өтіп жатыр

0
927

Іс-шара 25-тамызға дейін жалғасады.


ТҮРКІСТАН: Халық арасында кең тараған ойын түрлерінен біріншілік өтіп жатыр

Түркістанда балалар жазғы демалысын спорттық сайыстармен өткізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда кезекті ауқымды шара басталды. Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы халық арасында кең тараған ойын түрлерінен қалалық біріншілік өткізуде. Жарысқа қатысушылар асық ату, ләңгі тебу, секіргіште секіру, белтемірге тартылу, сақинаға доп лақтыру және тағы басқа спорт түрлерінен бақтарын сынап жатыр.


Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев шараның мақсатына тоқталды.


«Түркістанда жүзеге асып кезекті жобаның мақсаты – халық арасында салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу, балаларымыздың спортқа деген құштарлығын арттыру. Бұл мақсаттағы шаралар жүйелі жалғасады», – деді ол.


Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев жылы лебізін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Айта кетейік, іс-шара 25-тамызға дейін жалғасады.