ТҮРКІСТАН: Халық қалаулылары БАҚ өкілдерімен кездесті

0
690

Баспасөз өкілдері, халық қалаулыларына сауал жолдап, тиісті жауаптарын алды.


ТҮРКІСТАН: Халық қалаулылары БАҚ өкілдерімен кездесті

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында кезекті брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары бойынша кезекті брифинг өтті.


Онда облыстық мәслихатқа Қазығұрт ауданы бойынша сайланған Нұржан Аширов пен Арыс қаласы бойынша сайланған депутат Ержан Қосмамбетов халық пен билік арасындағы алтынкөпір болып жүрген баспасөз өкілдеріне сайлауалды бағдарламалардың орындалуы, атқарылған жұмыстар төңірегінде баяндады.


Мандат иегері Нұржан Аширов Қазығұрт ауданы бойынша Жол картасы аясында және Сайлауалды бағдарламасы төңірегінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды екшеледі.«Аманат» партиясының Түркістан облысы филиалының саяси кеңесінде талқыланып, ағымдағыжылдың мамыр айындағы саяси бюросында бекітілген сайлауалды бағдарламасының «Халықпен бірге»Жол картасын басшылыққа ала отырып, депутаттық жұмыстарды жүргізіп жатқанын атап өтті. Кестеге сай тұрақты түрдеҚоғамдық қабылдау өткізіп,халықтың талап-тілектерін, ұсыныстарын назарға алып, оның оң шешілуіне ықпал етіп отырғанын жеткізді.


Нұржан Сапабекұлы осы уақытқа дейін 11 депутаттық сауал жолдап, оның 5-еуінің орындалғанын, тағы 6-уы қаралу үстінде екенін еске салды. Сонымен бірге, үлкен пікірталас тудырып жүрген аудандық аурухана құрылысы да облыстық мәслихат депутатарының ерекше бақылауында. Халық қалаулысы Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылғанына аудан халқының ризашылығын жеткізді.


Брифингте Ержан Қосмамбетов өзі сайланған Арыс қаласы бойыншамәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, сайлауалды бағдарламасына сәйкес, қалада мектептердің және мәдениет орындарының жетіспейтіндігін назарға алған. Халық қалаулысы қазіргі таңда Тараз тұрғын ауданында 600 орындық, Наурыз тұрғын ауданында 900 орындық білім ордаларының құрылысы жүріп жатқандығын жеткізді. Одан бөлек, 3 парктің, яғни Темір жол және Б.Монтаев атындағы, сонымен қоса тағы да үлкен сяабақтың іске қосылғалы жатқаны сөз болды.


Арыстағы негізгікүрделі мәселенің бірі – табиғи газ болса, оның түйіні біртіндеп шешіліп жатыр.Ержан Төлебекұлы осы және өзге де жәйттер туралы сөз қозғады. Баспасөз өкілдері, халық қалаулыларына сауал жолдап, тиісті жауаптарын алды.