ТҮРКІСТАН: Қияр ұрлап сатпақ болғандар қолға түсті

0
2 580

Жәбірленушіге 1 миллион 500 мың теңге шығын келген.


ТҮРКІСТАН: Қияр ұрлап сатпақ болғандар қолға түсті

Түркістан облысының полицейлері 1,5 тонна қияр ұрламақ болған күдікті азаматты қылмыс үстінде ұстады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз тұлғалар түнгі уақытта жылыжайдаөсіп тұрған қиярын жымқырмақ болғанын жеткізген. Қолды болған қиярдың жалпы салмағы 1500 келіні құрап, жәбірленушіге 1 миллион 500 мың теңге шығын келген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

«Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Ұрлық болған аймақты бір шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, күдікті болып көрінген азаматтардан түсінік алды. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы барӨзбекстан Республикасының азаматы қылмыс үстінде ұсталып бөлімшеге жеткізілді», - делінген ПД-ның мәлімдемесінде.

Тергеу барысында күдікті жас азаматтың қияр өсіретін жылыжайда жұмыс істейтіні белгілі болды. Сондай-ақ, полицейлер аталған қылмысқа қатысы бар күдіктінің 4 сыбайласы барын анықтады. Оларда өзге елдің азаматтары. Күдіктілер салмағы 1,5 тонна болатын қиярды жеке-жеке қапқа салып сатпақ болған. Алайда, күдіктілер арам ойларын ақырына дейін жеткізе алмайды. Қазіргі таңда 4 сыбайласқа қатысты іздестіру амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті азаматтың бас шарасы қамауда. Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.