ТҮРКІСТАН: Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жұмыстары пысықталды

0
655

Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттар және азаматтық сектор өкілдері қатысты.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жұмыстары пысықталды

Түркістан облысында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысты Түркістан облысының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Гүлсім Андабаева жүргізіп отырды. Аталған жиынға Түркістан облысы қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттар және азаматтық сектор өкілдері қатысты.


Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге» сәйкес Түркістан облысының қоғамдық кеңесі құрамын қалыптастыру жөніндегі мәселелер пысықталды.