ТҮРКІСТАН: Қоғамдық штабқа 600-ден астам ұсыныс түскен

0
678

Ұсыныс-тілектер түрлі салаға қатысты.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық штабқа 600-ден астам ұсыныс түскен

Түркістан облысындағы Қоғамдық штабқа 600-ден астам ұсыныс келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелері сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинақтап жатыр. Осы орайда үгіт-насихат науқаны басталғаннан сәттен бастап облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматтар тарапынан 609 ұсыныс-тілек түскен.


Кандидат Қ.Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Берік Құлжановтың айтуынша, бұл ұсыныс-тілектердің 140-тан астамы әлеуметтік қамсыздандыру, 106-сы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 70-ке жуығы жұмысқа орналастыру бойынша болса, қалған басым бөлігі білім саласы, жер қатынастары, инфрақұрылымға қатысты. салаларына қатысты. Сондай-ақ халықты құжаттандыру және тіркеу, денсаулық, банктер мен өзге де кредиттік ұйымдардың қызметі, сот және құқық қорғау жүйесі,агроөнеркәсіптік кешенге қатысты мәселелер де келіп түсуде.


«Түркістан облысындағы 18 қоғамдық қабылдау бөлмесінің барлығында сайлаушылармен кездесулер өтіп жатыр. Атап өтсек, үгіт-насихат жұмыстары басталған сәттен осы уақытқа дейін 114 кездесу ұйымдастырылып, 500-ге жуық адам қабылдауда болды», - дейді облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Берік Құлжанов.


Атап өту қажет, азаматтар кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесіне жеке мәселемен жүгінумен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнаған ұсыныстары мен тілек хаттарын toqaev2022.kz сайтына жолдай алады немесе бейне хабарлама жүктеуіне болады.


Call-орталықтың байланыс телефоны: 8 800 080 44 41.