ТҮРКІСТАН: Қоғамдық тамақтану орындары дәрігерлерге кешкі ас таратып жатыр

0
1 174

Бұл бастама алдағы уақытта жалғаса береді.


ТҮРКІСТАН: Қоғамдық тамақтану орындары дәрігерлерге кешкі ас таратып жатыр

Түркістандағы кәсіпкерлер дәрігерлерге қолдау білдіруде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының орталығы, киелі Түркістан қаласындағы бірнеше қоғамдық тамақтану орындары бірлесе келе, өңір орталығындағы карантин режимінде талмай жұмыс істеп жатқан ақ халатты абзал жандарға кешкі ас таратып жатыр.

Атап айтсақ, игі істің басына жиналған нысандардың қатарында – «Наурыз», «Damdi», «Аспан Ақсарай», «Малика», «Dauly Food», «NurHouse» пен «Ноши Мадоти», «Нилуфар», «Қаратау 2» және «Симсим», сонымен қатар «Айкен», «Мо-Мо», «Биг-маг», «Алькаусар», «Мансар» сынды тамақтану орындары бар.

Ел басына күн туып, қысылтаяң тұста өз қолдауларын білдіріп жатқан түркістандық кәсіпкерлер күн сайын 100-ге жуық дәрігерге ыстық тамақ жеткізіп беріп жатыр. Тиісінше, облыс орталығында орналасқан мейрамханалар мен кафе ұжымдары жұдырықтай жұмылып ұйымдастырған игі іс-шараға дәрігерлер қауымы өздерінің ризашылықтарын білдіріп отыр. Адам жанының арашасы болған жандарға және жомарт кәсіпкерлерге қала тұрғындары да дән риза. Айта кетейік, ұйымдастырушылар аталған бастама алдағы уақытта жалғаса беретінін жеткізді.