ТҮРКІСТАН: Көлік жуу бекетін тонағандар ұсталды

0
1 755

Күдіктілердің тағы да алты ұрлық қылмысына қатысы бар екендігі анықталған.


ТҮРКІСТАН: Көлік жуу бекетін тонағандар ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында көлік жуу бекетін тонаған жергілікті тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысының Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, меншігіндегі көлік жуу бекетіне белгісіз біреулер ұрлыққа түскенін айтып шағымданған. Арнайы көлік жуу құралдары қолды болғанын мәлімдеген. Белгілі болғандай, жәбірленушіге жарты миллион теңгенің шығыны келтірілген.

"Бұл жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмысы бойынша СДТБТ тіркелді.
Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер көлікжуу құрылғыларын ұрлауға қатысты күдіктіні ұстауда барлық қажетті жедел іс шараларын жүргізді",
- деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сарыағаш АПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдіктілер қолға түскен. Екі күдікті де жергілікті тұрғындар болып шыққан. Тергеп тексеру барысында күдіктілердің тағы да алты ұрлық қылмысына қатысы бар екендігі анықталған. Жәбірленушілерге екі миллионнан астам материалдық шығын келтірілген. Заттай айғақ ретінде ұрланған мүлік заңды егесіне қайтарылды.

Күдіктілер қазір қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында жинақталған материалдар айыптау актісімен қоса шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.