ТҮРКІСТАН: Көпбалалы ​батыр аналар кәсіпкерлікке бет бұрды

0
1 293

Түркістанда "Батыр ана" көпбалалы іскер аналар форумы ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Көпбалалы ​батыр аналар кәсіпкерлікке бет бұрды

Биылғы жылы Түркістан облысында 3345 әйел азаматшалар «Бастау Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары аясында білім алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістанда өткен көпбалалы іскер аналар форумында айтылды.
«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында ұйымдастырылған жиынға қатысқан сала мамандары батыр аналарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдаулар туралы кеңінен айтып өтті.
«Еңбек» бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды 7 000-нан астам адам иеленген. Оның ішінде 3000-нан астамы әйел кісілер 1,5 млрд. теңге алған.
Жалпы қазіргі таңда Түркістан облысында 90 мыңға жуық көпбалалы ана бар. Өңірде 40 мыңнан астам әйел кәсіпкерлікпен айналысады.
Форумда «Nur Otan» партиясы Түркістан областых филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев іс шараның маңызын кең көлемді айтып өтті.
«Атамекен» ҰКП Түркістан облыстық филиалының директоры Дінмұхаммед Абсаттаров пен «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Данияр Арынғазин кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдіктер жөнінде кеңінен баяндады.
Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тағайындалған жәрдемақылар мен атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы түсіндірді.