ТҮРКІСТАН: Көптен күткен күн электр станциясы қашан іске қосылады?

0
1 963

Түркістан облысында құны 35 миллионды құрайтын күн электр станциясының құрылысы бітіп жатыр. Өндірілген қуатты «KEGOC» компаниясына жеткізу көзделіп отыр.


ТҮРКІСТАН:  Көптен күткен күн электр станциясы қашан іске қосылады?

Сарыағаш ауданында 42 гектар жерде қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр станциясының құрылысы аяқталып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Жобаны қазақстандық «EcoProTech-Astana» компаниясы германиялық «DERA GmbH» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Тартылған инвестиция көлемі - $35 млн.

Күн электр станциясының құрылысы аясында 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модульдер, 10 инвертор мен трансформатор, сондай-ақ, 10 таратушы құрылғы орнатылады. «Жасыл» энергия көздерінен өндірілген электр энергиясы «KEGOC»-қа жеткізіледі. Жобаны жүзеге асыру аясында 20 жұмыс орны пайда болмақ.Қазіргі уақытта құрылыс алаңында модульдерге арналған металл конструкциялар салынған. Ағымдағы жылдың ақпан айында күн батареялары мен трансформаторлар блогы орнатылады. Электр станциясының іске қосылуы 2019 жылдың наурыз айында жоспарланған.