ТҮРКІСТАН: Көркемөнерпаздар үйірмесінің 5 жылдығы кең көлемде аталып өтті

0
784

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы 20 дана кітапты сыйға тартты.


ТҮРКІСТАН: Көркемөнерпаздар үйірмесінің 5 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Жетісай ауданынан құрылған көркемөнерпаздар үйірмесі 5 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданы Шаблан Ділдәбеков ауылдық округі Бірлік ауылы мәдениет үйінде. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және Ш.Ділдәбеков ауылдық округі Бірлік ауылдық мәдениет үйіндегі көркемөнерпаздар ұжымының «Өнердің қайнар көзі-Бірлікте» атты көркөмөнерпаздар үйірмесінің 5 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Жетісай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімне қарасыт бұл мәдениет ошағы өздеріне артылған сенімді жоғары деңгейде атқарып келеді. Осы жылдар ішінде бірнеше республикалық,облыстық, мәдени байқауларда топ жарып келген бұл ұжымның есеп беру кешіне жиналған халықтың қарасы көп болды.


Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетінің өкілі Жолаев Азамат Нұржанұлы, Түркістан облысы мәдениет басқармаксы басшысының орынбасары Темірхан Асылхан Темірханұлы, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, мәслихат депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.


Елдің игілігіне жұмыс істеп отырған "Бірлік" мәдениет үйі 1985 жылы пайдалануға берілген. 2016 жылы мемлекетті бағдарлама аясында толықтай күрделі жөндеуден өткен бұл нысанның, 350 орындық көрермен залы бар. Аталмыш ғимарат толықтай компьютер құрал-жабдықтарымен, жиһаздармен қамтамасыз етілген. Одан бөлек жоғары жылдамдықтағы интернет пен телефон байланысы да қосулы. Спорттың бокс, күрес, шахмат, түрлерінен бастап жиырмадан аса үйірмесі жұмыс істейтін мәдениет үйінің бүгінгі тыныс тіршілігі, көптің көңілінен шығып келеді десек артық айтқанымыз емес. Мұнда ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған.


«Өздеріңіз көргендей заман талаптарына сай бой көтерген бұл ғимаратта, 350 орындық көрермен залы, мұражай, кітапхана, үйірме, хореография залдары, ардаргерлер бөлмесі, тағы басқа ауыл тұрғындарының мәдени демалысына қажетті мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл нысан, алдағы уақытта ауыл халқының рухани сұранысын қанағаттандырып, ұлттық өнерімізді ұлықтап және осы ауылдың өнерпаз жастарын жұлдызын жағатын, тек бір ауылдың ғана емес Жетісай ауданының рухани өмірін өркендетуге септігі мол мәдениет ошағы боларына сенімдімін. Себебі, өнер - кез келген елдің руханияты мен мәдениетінің, дәстүрі мен салтының, ұлттық болмысының өлшемі екені даусыз», - деді Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Темірхан Асылхан


Кеш соңында аталмыш мәдениет үйінің алға жылжуына аянбай еңбек етіп келе жатқан Ботакөз Шабланқызына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетінің өкілі құрмет грамотасын берсе, аудан әкімінің орынбасары құттықтау хат пен "Ерен Еңбегі үшін" төсбелгісін табыстады. Өз кезегінде Түркістан облыстық мәдениет басқармасы 20 дана кітапты сыйға тартып. Шараға келген қонақтар Шаблан Ділдәбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Іс-шара барысында көркемөнерпаздар үйірмесі әннен шашу шашып мың бұрала би билеп келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.