ТҮРКІСТАН: Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 34-ке жетті

0
1 057

Тағы бір адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.


ТҮРКІСТАН:  Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 34-ке жетті

2020 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 34-ке жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округі, Дербес ауылының 1995 ж. азаматынан вирус анықталды. Ол COVID-19 инфекциясы расталған азаматпен жақын байланыста болған.
Жалпы облыс бойынша Жетісай ауданында – 14 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда - 5, Ордабасы - 2, Сайрам - 2, Мақтарал - 4, Арыс - 6, Сарыағаш - 1 тұрғыны індетке шалдыққан.