ТҮРКІСТАН: Қоршаған ортаны ластағандардан 1119, 8 миллион теңге өндірілген

0
1 294

Өткен жылы Түркістан облысында экологияға зиян келтіргендерге қомақты айыппұл салынған. Сонымен қатар, сұғанақтыққа қарсы күрес барысында 251 заң бұзушылық тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Қоршаған ортаны ластағандардан 1119, 8 миллион теңге өндірілген

2018 жылы қоршаған ортаны ластағандардан облыстық бюджетке 1119,8 миллион теңге өндірілді – деп хабарайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ілияс Құрамысов мәлімдеді.

Түркістан облысында табиғатты пайдаланудағы сұғанақтыққа қарсы күрес барысында өткен жылы орман күзеті қызметкерлерімен 895 рейдтік іс-шара ұйымдастырып, нәтижесінде 251 заң бұзушылық фактісі тіркелген. Оның 33-і аң аулау ережесін бұзу, 48-і заңсыз ағаш кесу болса, 170-і басқа да заң бұзушылықтар екені анықталған. Заң бұзушылықтар бойынша 4,2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 4 млн теңгесі өндірілді. Келтірілген 14 млн теңге залалдың 12 млн теңгесі өндірілді.

Облыс аумағында 196 жер қойнауын пайдаланушы бар. Оның 37-сімен қатты пайдалы қазбалар бойынша, 28-імен жер асты сулары бойынша, 131-імен (14-і барлауға, 117-сі өндіруге) кең таралған пайдалы қазбалар (тас-шағал, кұм, топырақ, гипс, ас тұзы, әк-тас) бойынша келісімшарт тіркелген.