ТҮРКІСТАН: Көшелер мен аулаларды тазалау жалғасып жатыр

0
428

Облыс басшысы әкімдерге тапсырма берген.


ТҮРКІСТАН: Көшелер мен аулаларды тазалау жалғасып жатыр

Түркістан облысының әкімі аудан, қала әкімдеріне санитарлық-тазалық шарасына қатаң көңіл бөліп, нақты жұмыстар атқаруды тапсырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне санитарлық-тазалық шарасына қатаң көңіл бөліп, нақты жұмыстар атқаруды тапсырған болатын. Осы бағытта Кентау, Келес, Сауран, Сарыағаш, Түлкібас аудан, қалаларында берілген тапсырма аясында жаппай сенбілік жұмыстары жүргізілді.


Көше бойларындағы күл, қоқыстар тазаланып, аялдамалар мен көше жиегіндегі шарбақтар боялды. Тазалық шарасына аудан, қала әкімдігіне қарасты дербес бөлім, ауыл, ауылдық округтері мамандары белсенді атсалысса, жергілікті тұрғындар да өз аулаларының аумағын тазалады. Наурыз айынан бастау алған сенбілік әлі күнге дейін жалғасуда. Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Мұндағы мақсат – қаланың таза әрі көрікті қалпын сақтау.


Тазалық жұмыстарына техникалар мен адамдар жұмылдырылып, қоқыстарды белгіленген жерге жеткізуде.


Айта кетейік, аудан, қалаларда тазалық шарасы әр сенбі де жалғасын табады.