ТҮРКІСТАН: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру билетін онлайн сатып алуға болады

0
91

Туристер үшін жасалған жаңа мүмкіндік «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты.


ТҮРКІСТАН: Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру билетін онлайн сатып алуға болады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ясауи кесенесіне енгізілген жаңа кіру жүйесін сынақтан өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы билеттер алып, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйені алғашқы болып облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев сынақтан өткізді.

Туристер үшін жасалған жаңа мүмкіндік «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып жүзеге асты. Сонымен қатар, Елбасының 2020 жылды «Еріктілер жылы» атауына байланысты «Ask Me, I am local» жобасы іске қосылды. Жобаға қатысушы еріктілер келуші қонақтар мен туристерге гид – нұсқаушы қызметтерін көрсетеді.

Жобаның мақсаты - келген туристерді сапалы, тексерілген ақпаратпен қамтамасыз ету және студент жастардың алдағы уақытта туризм саласында жұмыс жасауын ынталандыру. Әрқайсысы бірнеше тілді меңгерген жастар қонақтарды біркелкі электрлік самакатпен қарсы алады. Бұл жобаға 20 ерікті жұмылдырылған. Алдағы уақытта олардың санын арттыру жоспарлануда.

Бұл өз кезегінде, Кесенеге кіру билеттерін сайт арқылы (pay.azretsultan.kz) онлайн және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, турист билеттерді туриникеттерге QR-кодын скан жасап Кесенеге кіре алады. Сонымен қатар, келушілердің санын бақылау бойынша толық сараптама жүргізу үшін камералар орнатылды. Мұның барлығы келген туристердің санағын жүргізуге, олардың туристік объектіні көрудегі эмоциясын бақылауға мүмкіндік береді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет