ТҮРКІСТАН: Қытай делегациясы трансформатор зауытының жұмысымен танысты

0
615

Кентау қаласының экономикалық әлеуетін жоғары бағалап, алдағы уақытта ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін білдірді.


ТҮРКІСТАН: Қытай делегациясы трансформатор зауытының жұмысымен танысты

Қытай делегациясы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қытай Халық Республикасы, Юэцин қаласының өкілдері Түркістан облысына іссапары аясында «Кентау Трансформатор зауыты» АҚ-да болды.


«Кентау Трансформатор зауыты» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Худайбергенов делегация өкілдеріне зауыт жайлы ақпарат беріп, қазіргі жұмысымен таныстырды. Кездесуде Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов кәсіпкерлерге ұсынылатын инфрақұрылымы дайын аймақтар туралы айтып өтіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.


Сонымен қатар, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаланың тарихы, өндірістік әлеуеті және қазіргі кезде шетелдік инвесторлар үшін қаламызда жасалынып жатқан қолайлы мүмкіншіліктер жайлы атап өтті.


Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының делегация өкілдері Кентау қаласының экономикалық әлеуетін жоғары бағалап, алдағы уақытта ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін білдірді.