ТҮРКІСТАН: Қызғалдақ жұлғандар жазаланады

0
2 905

Түркістан облысының полиция департаменті қызметкерлері 1 мен 30 сәуір аралығында облыс аумағында "Қызғалдақ" іс-шарасын өткізіп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Қызғалдақ жұлғандар жазаланады

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған азаматтарға қатысты ҚР ҚК нің 339 бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қызыл кітапқа енген "Грейг" қызғалдақтарын жұлған 8 факті анықталған. Бұл тізім мұнымен тоқтамайтын сыңайлы. Өйткені табиғат аясына шығып, құрып кету қаупі жоғары қызғалдақтарды жұлып, суретке түсіп әлеуметтік желілерге жариялап жүргендер аз емес.

Осы орайда Түркістан облысының полиция департаменті қызметкерлері 1 мен 30 сәуір аралығында облыс аумағында "Қызғалдақ" іс-шарасын өткізіп жатыр. Тәртіп сақшылары осылайша табиғат құндылықтарына бейжай қарап, жауапсыздық танытқандармен күресті жандандырмақ.

"Грейг" қызғалдақтарын жұлған үшін ҚР ҚК-нің 339 б. "өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеміз," - дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.