​ТҮРКІСТАН: Қызметкерлер ынталы және креативті болу үшін арнайы тестілеуден өтті

0
135

Қызметкерлерден тесті Халықаралық HR саласындағы білікті маман қабылдады.


​ТҮРКІСТАН: Қызметкерлер ынталы және креативті болу үшін арнайы тестілеуден өтті

Түркістан облысы, Түркістан қалалық әкімдігінің қызметкерлерінің біліктілігін, жеке қасиеттерін дамыту және кәсіби дайындық деңгейін анықтау, жеке құзыретін бағалайтын тестілеу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Елбасының «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспарының 15 қадамының бірінші бағыты - кәсіби мемлекеттік аппарат құру.

Осы бағытта бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Түркістан қаласы әкімдігінің бастамасымен әкімдік қызметкерлерінің жеке құзыретін бағалайтын тестілеу өтті.

Қызметкерлерден арнайы тестілеу алу үшін Халықаралық HR саласындағы білікті маман шақыртылған болатын.

Тестілеудің өткізудің басты мақсаты - әкімдік қызметкерлерінің жеке қасиеттерін дамыту және кәсіби дайындық деңгейлерін анықтау.

Тестілеу бекітілген кесте негізінде үш кезеңде өтті, яғни сандық, ауызша және тұлғалық. Қызметкерді бағалау қызықты ойын элементтері түрінде өткізілгендігін атап өтуге болады.

Өткізілген тест нәтижесі бойынша әрбір қызметкер тиісті ұсыныстар мен кеңестер алатын болады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет