ТҮРКІСТАН: Мақтааралда парамен ұсталған майор қашып кетпекші болды

0
2 145

Әлеуметтік желіде парамен ұсталып, оқиға орнынан қашпақшы болған полицейдің видеосы жарияланды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда парамен ұсталған майор қашып кетпекші болды

иллюстрациялық фото: tengrinews.kz

Мақтаарал ауданында полиция майоры 100 000 теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде заңгер, әлеуметтік желі белсендісі Айгүл Орынбек өзінің "инстаграм" парақшасында жазды.

"Пара алып ұсталып қалған майор, қашып кетпекші болды... Мақтарал ауданының учаскелік полиция майоры Ғарифуллин, 100000 теңге пара алып жатқан жерінен базар маңынан ұсталды. Операция барысында Ғарифуллин мырза өз қылмысын жасыру үшін, оқиға орнынан қашып кетпекші болған жерінен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің қызметкерлерімен құрықталды. Қәзіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Мақтаралда жазылған арыздар не үшін қаралмайды? Себебі сыбайлас жемқорлық өршіп тұр. Естеріңізде болса, 2018 жылы Мақатаралда судья ұсталған болатын. Енді әкімдіктегілерді ұстау керек! Біздің жігіттерге респект",- деп жазады заңгер.

Оқиға Мақтаарал ауданы Атакент кентінде орын алғанға ұқсайды. Алайда, әзірге бұл жағдайға қатысты ешбір орган ресми хабарлама жасаған жоқ.