ТҮРКІСТАН: «Мақсатымыз бір» атты семинар-тренинг өтті

0
382

Үздіксіз дамушы жастарының қатарын арттыруға өз септігін тигізуде.


ТҮРКІСТАН: «Мақсатымыз бір» атты семинар-тренинг өтті

Түркістан облысында «Мақсатымыз бір» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Төлеби ауданы «Айса» демалыс орнында «Өзін-өзі басқару» ұйымы және көшбасшы жастарға арналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай,«Мақсатымыз бір» облыстық семинар-тренинг сабағы өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты –жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу арқылы азаматтық көзқарасын қалыптастыру.


Бұл іс-шара облысымыздың үздіксіз дамушы жастарының қатарын арттыруға өз септігін тигізуде. Әр жыл сайын өңіріміздің аудан, қалаларының белсенді жастарының қатысуымен облыстық шара өз жалғасын табатын болады.


Айта кетсек, қазіргі таңда Түркістан облысында 800-ден астам көшбасшы жастар, 5000-ға жуық ұйым өкілдері жұмыс жасап жатыр.