ТҮРКІСТАН: Мақтаарал әкімі жастармен сенбілік жасады

0
1 851

Мақтаарал ауданы әкімінің бастамасымен кенттер мен ауылдық округтерде жаппай сенбілік болып өтті.


ТҮРКІСТАН: Мақтаарал әкімі жастармен сенбілік жасады

Аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтау жұмыстарына жұмылдыру ісін аудан басшысы Бақыт Насырханұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Сәрсекбаев бастап шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жер-жерлерде арнайы бекітілген графиктер негізінде жұмыстар жүргізіліп, Мырзакент және Атакент керттерінде жастардың белсенділігі бірден көзге түсті.

Аудандық сенбілікке шыққан Атакент кентіндегі Мақтаарал аграрлық колледжі студенттері жол бойлары мен «Алпамыс» саябағы мен «Мақтаарал» стадионының маңын күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Колледж студенттерімен бірге аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихат хатшысы Қадір Сәрсекбаев, Атакент кентінің әкімі Сламхан Азимов, Мақтаарал ауылдық округінің әкімі Әлім Ибраев, Мақтаарал аграрлық колледжінің директоры Нұрман Әліпбеков қолдарына тырма-күрек алып, тазалық жұмыстарына атсалысты.
Мұнан да басқа аудандағы жас мамандар мен мектеп оқушылары көшелер мен арық-атыздарды тазалап, белсенділік танытты.

“Әр сенбі сайын ұйымдастыратын тазалық жұмыстарымызға қатысушылардың саны күн санап артып келеді. Бұл дегеніміз – тұрғындардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы. Қазірде аудан аумағында тазалықты сақтау мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Құдай қаласа келесі сенбілікте түрлі көшеттерді отырғызатын боламыз” - дейді аудан әкімі Бақыт Насырханұлы.
Мұндай игілікті шара тек орталықтарда ғана емес барлық округтерде, елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатын болады. Әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп беріліп, тазалық жұмыстарын сақтауға ауыл ақсақалдары да тартылмақ.