ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданына 30 млрд.теңгеден астам инвестиция құйылды

0
467

Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.


ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданына 30 млрд.теңгеден астам инвестиция құйылды

Мақтаарал ауданына апаттан кейін 30 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданына су апатынан кейін бас аяғы 3 айдың ішінде бұрын-соңды болмаған 30 млрд.теңгеден астам инвестиция құйылған. Мыңдаған адам жұмыспен қамтылып, Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуынан зардап шеккен үш ауыл тұрғындары үшін Мырзакенттен жаңа қалашық бой көтерді. 386 үйдің ішінде 196 тұрғын үйі Үкімет резерві есебінен, 150 үй Болат Өтемұратов Қорының қаржысына салынды. 52 баспана «Nur Otan» партиясының «Біргеміз» қоры мен «Салиқалы ұрпақ» қорларының қолдауымен көтерілді.


Ал, су басқан Өргебас және Фирдоуси ауылдары тұрғындарының үйлері сол елді мекенде қайта қалпына келтірілді. Бүгінде олар өздері қалаған жобамен заманауи үлгідегі үйлерін салып алды. Халықтың сұранысын ескере отырып, әрбір тұрғын үйге 17 млн.теңгеден өтемақы берілді. Осылайша Өргебас ауылында 209, Фирдоусиде 327 үй жаңадан бой көтерді.


Фирдоусиде ауыз су жүйелерін жаңартылып, 13 көше жөнделді. 600 орындық мектеп жөндеуден өтті. Ауыз су жүйелері Өргебас ауылында да жаңарды. Төрт көше жөнделіп, дәрігерлік амбулатория мен полициялық тірек салынды. Су басқан ауыл мектептеріне өткен жылы демеушілер тарапынан 136 ноутбук пен 110 планшет берілген. Үкімет резервінен 4095 дана компьютерлік құралдар бөлінген.