ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданында 12 мың адам сенбілікке шықты

0
1 192

Мақтааралда жаппай сенбілік ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданында 12 мың адам сенбілікке шықты

Мақтаарал ауданын қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке ауданның 12 мың тұрғын көшеге шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудан аумағын таза әрі көрікті етуге аудан әкімі Бақыт Насырханұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Сәрсекбаевтың өздері де шықты.

“Әр сенбі сайын ұйымдастыратын тазалық жұмыстарымызға қатысушылардың саны күн санап артып келеді. Бұл дегеніміз – тұрғындардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы артып келеді. Қазірде аудан аумағында тазалықты сақтау мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Құдай қаласа келесі сенбілікте 17 мыңға жуық түрлі көшеттерді отырғызатын боламыз”, - деді Бақыт Насырханұлы.

Аймақ тұрғындары қолдарына күрек пен сыпырғыларын алып, көшелер мен елдімекендегі арық-атыздарды тазалауға білек сыбана кірісті.

Сонымен қатар, аудан жастары жалғызбасты қарттардың үйлеріне барып, ауласының күл-қоқысын тазартып, жерін аударып, отындарын шапты. Сондай-ақ, қариялардың үйлерін жинап, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта мұндай сенбіліктер тек орталықтарда ғана емес барлық елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатын болады. Әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарына бекітіліп, тазалықты сақтау жұмыстарына ауыл ақсақалдарын да тарту көзделіп отыр.