ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданында 223 су арнасы жаңарады

0
2 247

Мырзакент кентінің 8000 гектар аумағы жер асты суларынан тазаратын болады.


 ТҮРКІСТАН: Мақтаарал ауданында 223 су арнасы жаңарады

Мақтаарал ауданында ПУИД-2 жобасы бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауқымды жоба 40 мың гектар аумақты қамтып, 3 бағыт бойынша іске асырылады. Нәтижесінде 223 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтіріледі.

Жобаның І бағыты бойынша әзірбайжандық «Акилик Груп» компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 70 мың шақырымды құрайтын 44 каналдың, 2 тік дренажды ұңғыманың, 37 мың шақырымды құрайтын 16 қашыртқының құрылыс жұмыстары аяқталған. Еңбекші және Жаңажол ауылдық округтеріне қарасты ұзындығы 147 мың шақырымды құрайтын үш каналдың тармақтарымен бірге, 49 дана тік дренаж бен ұзындығы 191 мың шақырымды құрайтын су қашыртқылары күрделі жөндеуден өтетін болады. Сондай-ақ, аудан орталығы Мырзакент кентіндегі 4 дана тік дренаждары жөнделмек. Еңбекші ауылдық округінің 5350 гектары, Жаңажол ауылдық округінің 2650 гектары және Мырзакент кентінің 8000 гектар аумағы жер асты суларынан тазаратын болады.

Иіржар, Бірлік және Жамбыл ауылдық округтерінің 16 477 гектар алқабын жерасты суларынан тазарту бойынша жұмыстар іске асырылуда. Құрылыс жұмыстарын ирандық «Туннель Саад Ариана» компаниясы жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 58 мың шақырымды құрайтын 35 каналдың құрылыс жұмыстары аяқталды. 93 дана бақылау ұңғымасында құрылыс және 61 дана тік дренажды ұңғымаларында бұрғылау жұмыстары соңына жетті. Жалпы ІІ бағыт бойынша ұзындығы 337 35 шақырымды құрайтын 3 каналдары тармақтарымен бірге, 100 дана тік дренаж және 262 шақырымды құрайтын су қашыртқылары күрделу жөндеуден өтуде.

ПУИД-2 жобасының ІІІ бағыты бойынша израйлдік «Тахал Консалтинг Инжиниринг» команиясы ұзындығы 307 928 шақырым каналды, 130 391 шақырым су қашыртқыларын күрделі жөндеуден өткізуде. Бүгінде 27 мың шақырымды құрайтын 8 каналдың 9 мың шақырымында бетон құю жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 56 мың шақырымды құрайтын 8 қашыртқының 50 583 шақырымында тазалау жұмыстары атқарылған.