ТҮРКІСТАН: «Мақтаарал» қатарынан екі рет жеңіске жетті

0
424

«Арыс» «Тараздан» 1:3 есебімен жеңілсе, «Түркістан» клубы сырт алаңда «Қыраннан» 1:0 есебімен басым түсті.


ТҮРКІСТАН: «Мақтаарал» қатарынан екі рет жеңіске жетті

«Мақтаарал» командасы сырт алаңда «Қайсармен» кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 12 тур ойындары өтті. Түркістан облысының «Мақтаарал» командасы сырт алаңда «Қайсармен» кездесті. Аса тартысты бәсекеде «Мақтаарал» футболшылары 2:0 есебімен жеңіске жетіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.


Ойынның 42-минутында Рамазан Каримов мырзашөлдіктерді алға шығарды. Алаң иелері қысымды күшейткенімен мақтааралдықтар сәтті қорғана білді. 54-минутта Абдурахманов алаңнан қуылғанымен «Мақтаарал» жеңісті есепті сақтап қана қоймай, 97-минутта екінші голды салды. Секу Думбия қарымта шабуылда есепті 2:0-ге жеткізді. Осы жеңістен кейін «Мақтаарал» 9 ұпай жинаған «Мақтаарал» 13-орынға көтерілді. Жаңа бапкер Қайрат Нұрдәулетовтің қадамы сәтті болды. Алдыңғы турда «Мақтаарал» азулы «Қайратты» 3:1 есебімен жеңген болатын.


Апта соңында бірінші лига командалары да кезекті турды өткізді. Түркістанның «Тұран» командасы Шымкентте «Академия Оңтүстік» клубын 5:0 есебімен жеңді. Қазірше «тұрандықтар» екінші орында тұр. «Арыс» «Тараздан» 1:3 есебімен жеңілсе, «Түркістан» клубы сырт алаңда «Қыраннан» 1:0 есебімен басым түсті.