ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: Медицина мамандары мен мұғалімдер партияға қолдау білдірді

0
1 716

Бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен нәтижелеріне кеңінен тоқталды.


ТҮРКІСТАН–МАҚТААРАЛ: Медицина мамандары мен мұғалімдер партияға қолдау білдірді

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер денсаулық сақтау және білім беру салаларының қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Өмірзақ Мелдеханов пен Садулла Қалыбеков, Жарқынбек Қанаев пен Нұргүл Әбдіразақова, Парламент мәжілісіне үміткер Ұлжанат Жұрымбетова «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының бекіткен жүйелік кестесіне сәйкес бүгін денсаулық сақтау және білім беру салаларының қызметкерлерімен кездесті.

Аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінде өткен жиында үміткерлер ақ желеңділер мен ұстаздарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, елдегі атқарылып жатқан жұмыстарға, қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен нәтижелеріне кеңінен тоқталды.

Бір ғана Мақтаарал ауданында партияның бастамасымен орын алған апатты жағдайға қарамастан «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы аналарға тұрғын үй сатып алу бойынша 50 тұрғын үйге 420 000 млн теңге қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінген.

Төтенше жағдай салдарын жою бойынша 8 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. 1 мектеп, 1 балабақша, 1 полиция пункті, 3 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Салыстырмалы түрде алсақ, Мақтарал ауданында 2019 жылы құрылыс саласына 7 917 млрд теңге қаралса, 2020 жылға 29 млрд теңге қаралған.

Мұнан да басқа кандидаттар білім беру, денсаулық сақтау салаларында атқарылып жатқан жұмыстар мен жасалып жатқан қамқорлықтарды да назардан тыс қалдырмады. Жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы игі бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан жетекші саяси партияға қолдау білдіруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді