ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 200 адам қатысқан марафон өтті

0
1 192

Бүгін Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен аудандық марафон болып өтті.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 200 адам қатысқан марафон өтті

Мақтаарал ауданында аудан жастары мен медицина саласының мамандарынан 200-ге тарта адам қатысқан спорттық марафон болып өтті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында және 14-маусым «Медицина саласы қызметкерлері күні» мерекесі аясында ұйымдастырылған спорттық марафонда қатысушылар 3 шақырымға жуық қашықтықты жүгіріп өтті. Аталмыш шараға аудандағы 200-ге тарта түрлі салаларда еңбек етуші мамандар мен студен жастар, мектеп оқушылары қатысты. Марафон соңында бірінші болып мәре сызығын кескен жүлдегерлермен қатар «Ең жас марафоншы», «Ең жасы үлкен марафоншы» номинациялары бойынша да қатысушылар марапатталып, аудан әкімінің алғыс хатына, бағалы сыйлықтарына ие болды.

«Бұл марафонға қатысушылардың жасына шектеу қойылмады, 14 жастан бастап 50 жасқа дейінгі аралықта 200-ге тарта адам қатысты. Басты мақсатымыз – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарымызды зиянды, теріс әрекеттерден сақтандыру. Өйткені, дені сау ұрпақ қана қоғамның толыққанды мүшесі бола алады», - дейді шараны ұйымдастырушылар.