​ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 200-ден астам бүлдіршінге мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді

0
1 903

Қайырымды жандардан қамқорлық көрген бүлдіршіндер мен ата-аналардың айтар алғыстары шексіз.


​ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 200-ден астам бүлдіршінге мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді

Мақтааралдық «NurOtan»-дықтар 200-ден астам бүлдіршінге мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталмыш шараға аудандағы көп балалы аналармен қоғамның қолдауын қажет ететін әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары шақырылды.

Аудандағы мектеп жасындағы балалары бар көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қамқорлық жасау арқылы жүректеріне мейірім ұялату, олардың қатарынан кем болмай мектеп табалдырығын аттауларына жағдай жасау мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясынан ауданның барлық ауылдық округтері мен кенттерінен 200-ден астам бүлдіршін қатысты. Аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен бастау алған шарада патриоттық әндер шырқалып, күй төгілді. Ал, аудандық балалар мен жасөспірімдер қуыршақ театры бүлдіршіндермен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасап, қойылымдарын ұсынды. Мерекелік шара барысында бүлдіршіндерге демеушілер есебінен мектепке қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. Қайырымды жандардан қамқорлық көрген бүлдіршіндер мен ата-аналар демеушілерге алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

«NurOtan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен шараның ойдағыдай өтуіне аудандық сот, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен аудан әкімдігінің бөлімдері, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ демеушілік жасады.