ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 5 жайлы мектептің құрылысы басталды

0
1 138

Педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалады.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 5 жайлы мектептің құрылысы басталды

Мақтааралда «Жайлы мектеп» жобасымен 5 білім ұясының құрылысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл облыс көлемінде білім саласы бойынша оң өзгерістер орын алуда. Бала санының артуына байланысты пилоттық жобалар аясында аудандарда білім ошақтары бой көтеруде. Осы тұста Мақтаарал ауданында 200 балаға арналған 4 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар Жайлы мектеп ұлттық жобасымен тағы 5 мектеп салынуда.


Бүгін Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков аудандағы құрылысы жүріп жатқан мектептерді аралау барысында анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша мердігер мекемелердің басшыларына сын ескертулер берді. Құрылысы жүріп жатқан мектептердің сапалы болуы басты назарда.


Аталған мектептерде пәндік кабинеттер оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен толықтай жабдықталады деп күтілуде. Сондай-ақ онда оқушылардың сапалы білімге қанық болып өсуі мен жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалады.